Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Болат Ақшолақов KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып сайланды

911 рет қаралды

Бүгін KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Іс-шараға Қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY Төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, осы лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

«Болат Оралұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялардағы басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ ҚР Энергетика министрі және Мемлекет басшысының кеңесшісі сияқты жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, Болат Оралұлы біздің Қауымдастықты екі рет Бас директор ретінде басқарды және оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал», – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады.

Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиевке еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

14 ақпан, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.