Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырған сәті видеоға түсіп қалған

855 рет қаралды
видео кадры

Алматыда балабақша тәрбиеленушісіне қатыгездік көрсету оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл жолы жанжалдың ортасында - жеке балабақша. Онда тәрбиеші баланы тұншықтырған және ұрған. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жеке балабақша тәрбиеленушісіне жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео пайда болды. Баланың анасы ұлының тәрбиеші ұрғанын айтып шағымданғанын жеткізді. Ата-аналар камералардан бейнежазбаны сұратып, көргендеріне таңғалған. Кадрларда тәрбиешінің баланың мұрны мен аузын қолымен жауып, оны тұншықтырғаны анық көрінеді.

Оқиға болған бөлмеде тағы екі балабақша қызметкері болған, бірақ олар жағдайға ешқандай реакция білдірмеген.

Камера кадрларын көргеннен кейін ата-аналар полицияға арыз жазған.

"Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасының бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.


14 ақпан, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.