
Ер адам АҚШ елінің азаматтығын алғаны туралы тиісті органдарға ескертпеген. Сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстанда қос азаматтыққа заң жүзінде тыйым салынған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ертіс-Баян өңірінде 1 387 адамға қатысты ҚР азаматтығынан айыру тіркелген. Оның 1 362-сі өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағанын дербес түрде хабарлаған. Алайда кейбір адамдар өздерінің басқа елдің азаматы екенін жасыратын немесе уақытында хабарламайтын жайттар кезігіп отыр.
- Мысалы, полицейлер көрші мемлекеттің азаматтығы бар 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. Материал сотта қаралып, оның шешімі бойынша Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сот азаматтың Қазақстан аумағына кіруіне 5 жылға тыйым салып, 800 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.