
Астанада спорт алаңында 25 жастағы жігіт үстіне темір қақпа құлап, қаза болды. Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға "Достық Арена" спорт алаңында орын алды. Әлеуметтік желіде тараған видеода жас жігіттің қақпаға ілініп, тартынып-көтеріліп айналамын дегенде үстіне құлағаны көрінеді.
"Футбол алаңындағы ер адамның өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтерге сай, жазатайым оқиға орын алған. Ер адам футбол ойыны кезінде қақпаға көтерілмек болған, салдарынан қақпа құлап, оны басып қалған. Болған оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана ПД.