
14 ақпанға қараған түнде «Астана» станциясының сұрыптау паркінің 12-жолында пойызбен жеткізілген контейнерде жарылыс болды, деп хабарлайды Көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Көз жұмған құрбандар жоқ. Бір адам жеңіл қол жарақатын алды. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнген жоқ.
Аталған факті бойынша Көліктегі полиция департаменті «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиға орнына департамент басшылығы дереу жетті. Барлық мән-жайларды анықтау үшін арнайы жедел топ құрылды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайлары анықталуда.
В Атырау -5