Атырау, 12 желтоқсан 04:59
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Вячеслав Ким Jusan банкті сатып алмақ

430 рет қаралды
Сурет: forbes.com.br

Кәсіпкер Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алатынын растады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Kaspi.kz-тің негізгі акционері Вячеслав Ким қаржы нарығын бақылау және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтініш берді. 

«Мен Jusan Bank акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қарауында. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Мен бұл келісімнің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ екенін атап өтемін», - деді Вячеслав Ким.

Алдын ала мәлімет бойынша, Jusan Bank акцияларының 97,5%-ы кәсіпкер Ғалымжан Есеновке тиесілі. Оның 19,67%-ы тікелей өз меншігінде, ал 77,86%-ы First Heartland Securities арқылы иеленген.

13 ақпан, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.