Атырау, 25 желтоқсан 01:47
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Каспийге арналған Жасыл Пакет

2 192 рет қаралды

Орта Азияның аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) мұғалімдерге арналған «Қазақстанның Каспий өңіріне арналған Жасыл Пакет» ерекше мультимедиалық ресурсын таныстырды.

ОААЭО бұл жобаны БҰҰ Даму Бағдарламасы мен «Coca-Cola» компаниясының қолдауы аясында Орта және Шығыс Еуропаның экологиялық орталығымен бірлесе отырып жасаған.

«Каспийдің Жасыл Пакеті» мультимедиалық ресурсы құрамында компакт-диск, мұғалімге арналған екі тілді әдістемелік құрал мен қазақ және орыс тіліндегі «Дилемма» кәртішкелік ойыны бар. Жобаның мақсатты тобын 11-15 жасар мектеп оқушылары құрайды.

Алдағы оқу жылында «Жасыл Пакет» білім беру бағдарламасы пилоттық тәртіпте Атырау облысының 10 мектебінде енгізіледі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.