Интернетте Атырау қаласындағы Құдай Ана Успен Соборы приходының веб-сайты (www.uspenskiy-sobor.kz) пайда болды.
Собор настоятелі Михаил әкейдің айтуынша, ниет білдірушілер онлайн-режимде приходта болып жатқан бүкіл оқиғалармен, православиелік иерархтардың, уағызшылар мен шіркеу қызметшілерінің уағыздарымен таныса алады. Сол жерден православиелік күнтізбелерді, собор реквизиттерін таба алады, дінбасылар туралы және т.б. ақпараттарды білуге болады.
Анастасия ПАСТУХОВА