
ҚазАвтоЖол республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті хабарлады.
2025 жылғы 13 ақпан Абай, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
2025 жылғы 13 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қостанай облысы:
-"Жезқазған - Арқалық - Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Ақмола облысы:
- "Жезқазған - Арқалық - Петропавл" автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін);
- "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының 856-1230 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар 13 ақпан сағат 11:00-де республикалық маңызы бар мына автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
- "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
- "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
В Атырау -5