Атырау, 12 желтоқсан 04:59
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Ақсу қаласында қарт адамдарды азаптаған оқиға камераға түсіп қалды

318 рет қаралды

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурасы. 

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Жәбірленушілердің бірінің жасы - 84-те.

Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

13 ақпан, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.