Атырау, 12 желтоқсан 04:59
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Рустам Баялиев Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

345 рет қаралды

Рустам Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.

Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.

2024 жылы ол Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.

13 ақпан, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.