
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Ақшолақовтың орнына Мағзұм Мырзағалиевті ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматыда дүниеге келген. 1999 ж. – "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2003 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын "Халықаралық қатынастар саласындағы маман" мамандығы бойынша бітірген. 2010 ж. – Ш.Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін "Мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша бтірген.
Еңбек жолы: 2001-2004 жж. – Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ертінділері жөніндегі инженері, АҚШ және Малайзияда тағлымдамадан өткен.
2004-2007 жж. – өндіру менеджері (MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы). 2007-2010 жж. – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры. 2010-2012 жж. – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор. 2012-2013 жж. – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013 жылдың қазаны – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі. 2014 жылдың 13 тамызынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі. 2019 жылдың 17 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР энергетика министрі. қаңтар 2022—сәуір 2022 — Қазақстан президентінің кеңесшісі. 2022—2024 — ҚазМұнайГаз төрағасы.
Бұған дейін бұл қызметті Болат Ақшолақов атқарған болатын.
В Атырау -5