
Атыраулық 19 жасар Санат Асуат бір күн бұрын басталған «Әзірбайжан дауысы – 2025» («Səs Azərbaycan – 2025») жобасында төрт қазының ішінде үшеуін өзіне қаратты.
Бойжеткен өз жетістігінің жоғарыдан келген белгі екеніне сенімді. «Мен өтінішті отбасымызда үлкен қайғы болмай тұрып жібердім. Ал оның жауабы атамыздан айырылған сәтте келді. Мұндай жобаға қатысу менің бала кездегі арманым еді және мен бірінші реттен-ақ бірден өтемін деп мүлдем ойлаған жоқпын. Бұл атамның мені қолдағаны және бәрі жақсы болады деген белгісі екенін түсіндім. Сол себепті іріктеуден сәтті өткенімді білгенде, қатысуға келісімімді бердім», – деп Санат ойымен бөлісті.
Бұл ретте, әрине әнші үшін «Әзірбайжан дауысы – 2025» байқауына қатысу өте қызық болған. «Санат ересектер санаты бойынша алғаш рет қатысып отыр. Балалар байқауына қарағанда, бұл жерде басқа сезімдер. Мұнда өзіңізді кәсіпқойлармен, мықты әртістермен тең дәрежеде көрсету керек. Жаңадан енді бастаған әнші үшін бұл үлкен тәжірибе», – дейді Санаттың анасы Жаннат Санғалиева.
Сондай-ақ қазақстандық қатысушы тәлімгер ретінде «Евровидение-2011» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымовты таңдады. «Мен көптеген әзірбайжандық әншілердің шығармашылығын бақылап, Эльдарды көргенде оның командасында болғым келетінімді ойладым.Маған оның шығармашылығы, әндері, жалпы алғанда, не айтатыны, өзін қалай ұстайтыны ұнайды. Одан үйренерім көп, сондықтан ойланбастан бірден оның командасына қосылдым.
Көрмей тыңдау кезінде барлық тәлімгер менің өнерім туралы жақсы айтты. Әрине, олар қобалжығанымды байқады. Бұл менің дауысымнан естілді, бірақ Эльдар менің дауысымның ашылу мүмкіндігі бар екенін бірден айтып өтті. Басқалары да менің техникамды байқады. Кәсіпқойлардан мұндай сөздерді есту өте жақсы және бұл өте қуантады», – дейді Санат.
«Әзірбайжан дауысы – 2025» («Səs Azərbaycan – 2025») шоуының төртінші маусымы қоғамдық теледидарда (ITV) көрсетіледі. Қазылар алқасының құрамында Әзірбайжанның Халық әртісі Ройа Айхан, Халық әртісі Зульфия Ханбабаева, сонымен қатар Эльдар Гасымов пен Мурад Ариф сынды танымал орындаушылар бар. Жобаға әзірбайжандық қатысушылардан бөлек Грузия және Түркия елдерінің өкілдері қатысуда.
Санат Асуат Мұратқызы – Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша «музыкалық эстрада» факультетінің 3-курс студенті.
Атырау қаласындағы «125 High School» орта мектебінің (11 сынып) түлегі.
Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академия жанындағы музыка мектебінің жетіген сыныбы бойынша түлегі.
Көптеген республикалық және халықаралық балалар байқауларының лауреаты және жеңімпазы, атап айтқанда:
«Junior Eurovision Kazakhstan 2018» бірінші ұлттық іріктеуінің финалисі, Алматы қаласы.
Македониядағы «Звездички» халықаралық музыкалық байқауының Гран-при иегері, 2017 жылы.
Санаттың орындауындағы «Je t'aime» әні Франция мен Бельгия радиосында айналымда болды, 2018 жылы.
«Бақытты Бала» халықаралық вокалдық жобасында Димаш Құдайбергеннің екінші сыйлығының лауреаты және премия иегері, 2018 ж.
«Славян базары» гала-концертінің шақырылған қонағы, Витебск қ., 2018 ж.
ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің шақыруымен әйгілі «Tivoli» театрында өнер көрсетті және ән айтты, Абердин қ., 2019 ж.
ҚР Ұлыбританиядағы және Германиядағы Елшіліктерінің шақыруымен Жетіген
оркестрі мен ансамблі құрамындағы гастрольдік сапарлар, 2019 ж.
Еуропадағы «WAF Awards» 2022 танымал музыкалық сыйлығының иегері, Македония.
Ол әртүрлі заманауи композиторлардың 4 түпнұсқа әнін жазып шығарды. Соның ішінде бір ән Македонияда өткен байқауда жеңіске жетті, екіншісі «Junior Eurovision Kazakhstan» финалында ұсынылды.
2022 жылдың маусым айында «Шын жүректен» атты алғашқы жеке концертін өткізді.
Санаттың қызығатыны – дәстүрлі садақ ату, сурет салу және кітап оқу. Бойжеткен, сонымен қатар 8-ші кю каратэ-до годзюрюдің сары белбеуінің иегері.
Дереккөз: Татьяна Синенко, Aurora Lifestyle PR Agency