Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Киберполиция интернет-алаяқтыққа арналған жабдықтары бар екі шетелдік азаматты ұстады

378 рет қаралды
Polisia.kz

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен және "Қазақтелекоммен" бірлесіп, интернет-алаяқтар пайдаланатын техникалық арналарды анықтау бойынша белсенді шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберполиция қызметкерлері Көкшетау және Жезқазған қалаларының прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстанға келген екі жұмыссыз шетел азаматын ұстады.

- Екі қалада жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 128 слоттан тұратын екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер, маршрутизаторлар мен ұялы телефондар тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Ускембаев.

Жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылды. 11 адам ұсталды, оның ішінде төртеуі шетелдік. 36 sim-box жабдығы, 8 мыңнан астам sim-карта, 11 компьютер, 452 usb-модем тәркіленді.


12 ақпан, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.