Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

431 рет қаралды
Фото:freepik.com

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік аймақтар солтүстік циклонның ықпалында қалса, оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Осыған байланысты қар жауып, боран соғуы мүмкін. Кейбір өңірлерде қалың қар жауады деп күтіледі:

  • 14 ақпан – Қызылорда облысында;
  • 14-15 ақпан – Түркістан облысында;
  • 15 ақпан – Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында.

  • Күндіз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аралас жауын-шашын – жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал, бұл көктайғаққа әкеледі деп болжанған.
    Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі болжанып отыр. "Температуралық фон тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер күтілмейді", – деп мәлімдеді синоптиктер.
12 ақпан, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.