Атырау, 19 ақпан 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

​Атырауда көп кешікпей концерт залының құрылысы басталады

788 рет қаралды

Еске салсақ

Бүгінгі күні бұрынғы концерт залы мен монша сауықтыру кешенін бұзу жұмыстары аяқтала келді. 2-кезең бойынша 1200 орындық концерт залының және тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратының құрылысын салу үшін ЖСҚ аяқталды. 

"Қазір ол құжат мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр", - деп мәлімдеді құрылыс басқармасы. 

Нұрсая ықшамауданында он жыл тұралап қалған сақалды құрылысты бұзу жұмыстары өткен жылы басталып, оған 426 млн теңге бөлінген болатын. Мердігері – «ARSM» ЖШС. 

Еске салсақ, бұған дейін біз заманауи концерт залдың алдынан бес қатарлы домбыра пішіндес шолу аймағы бар монументпен ерекше болатынын жөнінде жазған едік. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор

12 ақпан 2025, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.