Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Алматыда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды

443 рет қаралды
freepik.com

11 ақпанда Алматыда "Green Recycle" ЖШС қалдықтарды өңдеу зауытының аумағында қалдықтарды сұрыптау кезінде 1989 жылы туған әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, оқиға 9 ақпанда "Әлмерек" шағын ауданында болған. Жалдамалы үйде бірге алкогольдік ішімдік ішкен әйел мен оның азаматтық некедегі жолдасы арасында жанжал туған. Салдарынан 1983 жылы туған ер адам әйелді пышақтап, кейін мәйітті бөлшектеп, қоқыс контейнеріне лақтырып жіберген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. 

"Адам өлтіру дерегі бойынша Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бірге спирттік ішімдік ішіп, жанжалдасып, әйелін өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

12 ақпан, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.