Атырау, 12 желтоқсан 05:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Шымкентте ​16 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

315 рет қаралды
Сурет: depositphotos.com

Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.

Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.
 
Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. 
 
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

12 ақпан, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.