Атырау, 15 ақпан 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Нұрәлі Әлиев өкілетін тоқтатты

306 рет қаралды
Фото Нұрәлі Әлиевтің Instagram парақшасынан

Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

"Транстелеком" - қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтермен айналысады. Forbes мәліметтері бойынша Unit Telecom арқылы компания акцияларының 75 пайызына иелік етушілер - Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев. Қалған 25 пайызы "Қазақстан темір жолында". Бұрын компания мемлекетке тиесілі болды. 2015 жылы "Транстелеком" 9 миллиард теңгеге жекешелендірілгені хабарланды.

2022 жылғы сәуірде Үкіметке "Транстелекомды" сату жөніндегі мәміле салдарынан мемлекетке келтірілген залал мәселесін зерттеу ұсынылды.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев - Дариға Назарбаеваның ұлы.


12 ақпан 2025, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.