Атырау, 12 желтоқсан 05:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

ІІМ: Елордада полиция тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасының жолын кесті

264 рет қаралды

Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен ірі сауда желілерінің біріне тиесілі тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрондық сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 млн теңгеден астам тауарды ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынған техника елеміздің бірнеше қалаларында сатылған. 

- 20-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

12 ақпан, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.