Атырау, 12 желтоқсан 05:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Маңғыстауда мектеп асханасындағы дау бойынша төрт қызметкер жазаланды

466 рет қаралды
freepik.com

2024 жылдың желтоқсан айында Мұнайлы аудандық сотының үкімімен мектеп асханасының төрт қызметкері айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы 2025 жылдың 11 ақпанында хабарлады.

"Мұнайлы ауданы сотының үкімдерімен мектеп асханасының 4 жұмысшысы өткен жылдың желтоқсан айында айыппұл түріндегі жазаға сотталды. Көрсетілген тұлғалар жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында жұмыс жасаған", – деп жазылған ресми ақпаратта.



Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды.

Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді.

11 ақпан, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.