Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Бектенов отандық технологияға қолдау көрсетпегені үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне шүйлікті ​

496 рет қаралды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығын цифрландыруға көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында Agritech Hub компаниясының негізін қалаушы Диана Душниязова сөз сөйледі. Оның айтуынша, компания астық өнімділігі мен жер өнімділігін бақылау үшін спутниктік деректер мен жасанды интеллекті пайдаланады. Технологиялар дақылдардың өнімділігі мен баға динамикасын болжауға мүмкіндік береді.

"Өткен жылы жобалар екі мемлекетті қамтыды: Өзбекстан (8 облыс), сонымен қатар Түркістан және Жамбыл облыстарында да жобалар жүзеге асырылды. Биыл бұл жоба Өзбекстанның барлық аумағын қамтып, кеңейіп жатыр", - деді Душниязова.

Олжас Бектенов қазақстандық технологиялардың өз елімізде емес, көрші елдерде белсенді түрде қолданылып жатқанына көңілі толмайтынын жеткізді.

"Міне, нақты мысал – Өзбекстан біздің технологияларды қолданып жатыр. Айдарбек Сейпеллұлы (Сапаров – еск.), бүгін осы мәселемен айналысыңыз. Өзбекстан неліктен ақша бөліп жатыр, біздің IT мамандарымыз жұмыс істеп жатыр. Ал сіз ше? Оларды пайдаланбайсыз ба? Суды үнемдеп жатқан жоқсыз ба? Осы технологияларды пайдаланып үнемдеңіз", - деді Бектенов Ауыл шаруашылығы министріне.

11 ақпан, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.