
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 85 мекенжайында орналасқан бұрынғы полиция департаменті ғимараты енді Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне беріледі.
Қазіргі уақытта ғимаратты қайта жаңғыртуға арналған жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл құжаттаманы дайындау үшін 15 млн 987 мың теңге қарастырылған.
Айта кетейік, 2023 жылы полиция департаменті Нұрсая ықшамауданындағы жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Құзырлы органның мәліметінше, ТЖД күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, биыл Атырау қаласының Б.Құлманов көшесі, 137 мекенжайында орналасқан Атырау облысы Экология департаментінің ғимаратына да қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Бұл мақсатқа 599 млн 638 мың теңге бөліну жоспарланған. Қазіргі уақытта мердігер компания анықталған жоқ.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -2