Атырау, 28 наурыз 18:41
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

2 376 просмотра

Қамыс - табиғи отын

Құрманғазы ауданындағы үдемелі инновациялық жобалардың тізіміне «Ақ қамыс» ЖШС де енді.

Серіктестік болашақта жергілікті қамыстан түйіршіктелген биологиялық отын дайындауды көздейді. Ал әзірге белгіленген жер телімінде құрылыс жұмыстарын жүргізгелі отыр. Бұл жобаның құны 1 млрд 149 млн теңге. Құрылыс жұмыстарына 400-ге жуық адам тартылмақ.

***

Бой көтерген үйлер көп

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Құрманғазы ауданында салынған тұрғын үйлер саны көбейген.

Құрманғазылықтар 3 973 шаршы метрді құрайтын 30 үй тұрғызған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда биыл 101 пайызға өсіп отыр.

***

Ораза кезіндегі тегін жолақы

2 тамыз күні Құлсары қаласының тұрғындары жергілікті кәсіпкерлердің арқасында бір күн бойына маршруттық автобустарда ақысыз жол жүруге мүмкіндік алды.

Қала халқын тасымалдау ісімен айналысатын «ЖК Садықов» пен «Теңізавтокөлік» ЖШС мұны Рамазан айының құрметіне ұйымдастырған.ъ

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.