Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Қазақстандық фристайлшылар 2025 жылғы Азия ойындарының "алтынын" иеленді

336 рет қаралды
Сурет: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге екінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

Біздің спортшылар синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.

Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.

Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.


11 ақпан, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.