Атырау, 12 желтоқсан 05:18
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» клубына ауысты

641 рет қаралды

Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» клубы 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Кazinform. 

Алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады. 
Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. 

Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді. Өткен QJ лигасында жас футболшы 28 ойында 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Сәтбаев маусымның үздік ойыншысы атағын алды. Ал УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) 16 жасар футболшы төрт матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

10 ақпан, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.