Атырау, 12 желтоқсан 05:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қазақстанда заңсыз онлайн-казинодан түскен табыс анықталды

468 рет қаралды
видео кадры

ҚМА Актөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен заңсыз онлайн-казино ойынын ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен, күдіктілер 2022 - 2024 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, bingo37.pro платформасы арқылы заңсыз ойын бизнесін басқарған.

"Қатысушылардан ақшалай бәсті операторлар банктік аударым арқылы қабылдаған, содан кейін оларды платформаға тіркеп, ойынға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме ұсынған.
Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдіктілер дроптарды — көлденең адамдарды тартып, олардың атына банк карталарын рәсімдеген. Ақшаның қылмыстық ізін жасыру мақсатында осы карталар арқылы олар қомақты ақша сомаларын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған", - делінген хабарламада.

Заңсыз онлайн-казиноның қызметінен күн сайын 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ақша түсіп отырған.

"Топтың жалпы қылмыстық табысы 306 миллион теңгеден асқан. Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз алынған ақшаға жалпы құны 66 миллион теңгені құрайтын Toyota Land Cruiser және Lexus EC 250 маркалы екі автокөлік алғаны анықталды.
Осы көліктерді тәркілеу мүмкіндігінен жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен аталған автокөліктерге тыйым салынды".

Ұйымдастырушыларға қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттың таратылуына тыйым салынған.


10 ақпан, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.