Атырау, 12 желтоқсан 05:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Жетісуда екі азамат ақпараттық жүйені бұзғаны үшін сотталды

295 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

А.ж. 30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды.

Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықтады.


10 ақпан, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.