
Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін АМӨЗ-дің Қауіпсіздік қызметі Баяу кокстеу қондырғысына (УЗК) жөндеу жүргізген мердігер компанияға қатысты заң бұзушылықтарды анықтап, сот органдарына 2024 жылдың 13 желтоқсанында жүгінді. Сонымен қатар, АМӨЗ материалдарды Экономикалық тергеу департаментіне де жолдады.
Зауыттағы кейбір құжаттар тексерілгенімен, бұл тек мердігер компанияға қатысты тергеу аясында ғана жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты өз қызметін ашықтық пен заң талаптарына сәйкес жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпорын штатты режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік процесте кідіріс жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында 2024 жылы құны 1 миллиард теңгеден асатын жөндеу жұмыстары бойынша қылмыстық істің тергеліп жатқаны туралы ақпарат жарияанған болатын.