Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Антикор АМӨЗ-дегі миллиард теңгелік жөндеу жұмысы туралы істі тергеп жатыр

1 447 рет қаралды

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Оның ақпаратынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппарат қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 2024 жылғы құны 1 миллиард теңгеден асатын жөндеу жұмыстары бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Козачков 7 ақпанда жұмысты жүргізген мердігерден құжаттар алынғанын айтады.

Petrocouncil.kz сайтындағы әріптестер де бұл жағдай туралы ақпаратпен бөлісті:

"Біз бір-екі сағат бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталық аппаратының қызметкерлері АМӨЗ-ге тексеруге "келгенін" білдік. Біздің ақпаратымыз бойынша, тексеру зауытта өткен жылдардағы жұмысы үшін АМӨЗ-ге техникалық қызмет көрсетуші мердігер -"КаспийМонтажСервис" ЖШС-не (баяу кокстау қондырғысы реакторларын дәнекерлеу) қатысты болып отыр".

Кәсіпорынның баспасөз қызметі бұл жаңалыққа әзірше түсініктеме бере алмайтынын айтты. «АЖ» редакциясы Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаровқа сауал жолдап, бұл ақпараттың жауабын/теріске шығаруын күтуде.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

8 ақпан, 03:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.