
ҚР Ұлттық Банкі 2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) және банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 1,7 тонна 47 395 өлшемелі құйма сатты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
2024 жылы құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (32 735 дана, 69%), Шымкент (5 200 дана, 11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%).
Халыққа арналған өлшемелі құймаларды сатып алу және сату Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде қолжетімді.
Осылайша, 2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алуды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 2,5 тонна 71 106 құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылды.
Халық арасында сұранысқа ие құйма салмағы – 10 г. Жалпы сатылған көлем ішінде оның үлесі 25% – 54 875 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма – 49 145 дана (22%), 100 грамдық құйма – 47 943 дана (22%), 20 грамдығы – 40 843 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 29 874 дана (13%).
В Атырау -5