Атырау, 8 желтоқсан 14:45
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраудағы орталық көпір қайта жарақтау жұмыстарына жабылады

1 528 рет қаралды

Атырауда орталық көпірді қайта жарақтау жоспарлануда. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 16,8 млрд теңгені құрайды. Бұл сома жұмыс жобасында көрсетілген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2018 жылы «Алматы Жоба» ЖШС ұзындығы 232 метр болатын көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеген. Жобада тіректерді, арқалықтарды жөндеу, жол төсемдерін, қоршауларды ауыстыру мен жарықтандыру жұмыстары қамтылған.

2020 жылы қаланың оң жағалауында жылумен қамту көлемін ұлғайту қажеттілігіне байланысты жобаға өзгерістер енгізілді. Жаңартылған нұсқада көпірді үш метрге кеңейту, сондай-ақ жылу құбырын тарту үшін жеке техникалық көпір салу қарастырылған.

Алайда, «Мемлекеттік сараптама» жүйесіне жүктелген жаңартылған жоба бюджеттік комиссия шешімі болмағандықтан, қараусыз қайтарылған. Қазіргі уақытта қайта тапсыру үшін қажетті құжаттар жинақталуда.

Қайта жарақтаудың нақты басталу мерзімі мен мердігер ұйым жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күрделі жөндеу жұмыстары 35 айға созылуы мүмкін. Алайда бұл түпкілікті мерзім емес, өйткені жоба әлі мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Жол қозғалысы қалай ұйымдастырылады?

Әзірге жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қозғалысы қалай ұйымдастырылатыны белгісіз. Билік әзірге уақытша балама жолдар немесе уақытша өткелдің бар-жоғын нақтыламады.

Бұл мәселе жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, іске асыруға қаржы бөлініп, мердігер таңдалғаннан кейін қаралатын болады. 

Айнұр САПАРОВА

6 ақпан, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.