
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Илон Маск Қазақстанның бюджет тапшылығын шешіп беруге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, Илон Масктың департаменті қазақ үкіметіне республика бюджетін реттеп беруді ұсынған.
«Жасыратын ештеңесі жоқ, маған Илон Масктың қазір АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінде атқарып жатқан істерін осында жүргізу жөнінде ұсыныс түсті. Сол жерде оның оңтайландыру мәселелерімен айналысатын департаменті бар. Ол қызметін ұсынып, идеялары бар екенін айтты. Мен оны осында келуге шақырдым. «Кел, бірге жұмыс істейік, жұмыс тобын құрамыз. Қысқартатын тұстарын тауып көр. Бірақ әлеуметтік бюджетті қысқарту өте қиын. Көп балалы аналар, балалар, қарттар, зейнеткерлер. Біз әлеуметтік мемлекетпіз. Бюджеттің басқа да түрлерімен танысып шық» дедім. Біз қысқартуға қарсы емеспіз. Қарапайым адамға қатысы жоқтың бәрін қысқартуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Жұманғарин.
400 млрд доллардан аса дәулеті бар Илон Маск АҚШ-та тиімді үкімет департаментін басқарады. Бұған дейін Маск АҚШ федералдық бюджетін 2 триллион долларға дейін қысқарта алатынын мәлімдеген.
В Атырау -5