Атырау, 12 желтоқсан 05:18
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Үндістан мен Қазақстан арасында жаңа рейс ашылады

447 рет қаралды
Сурет: pixabay

ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және еліміздің әуе тасымалдар нарығындағы шетелдік «лоу-кост» әуе компаниялардың үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен «Indigo» Үнді «лоу-кост» әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Осы жылдың 14 мамырынан бастап «Indigo» әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады. Сонымен қатар бұған дейін хабарланғандай, «Эйр Астана» қазақстандық әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап «Airbus» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғайту жоспарланған. Қазір тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели («Эйр Астана» - аптасына 7 рейс, «IndiGo» - аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.

6 ақпан, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.