Атырау, 12 желтоқсан 05:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

ІІМ: Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "әлеуметтік" газ ұрлаған қылмыстық топты ұстады

232 рет қаралды
скриншот

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып табылады. 

- Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


6 ақпан, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.