Атырау, 12 желтоқсан 05:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртекті енгізеді

411 рет қаралды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өз бақылауындағы аумақтарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова жазды.

Түбіртек барлық төлемдерді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.

Вице-министр атап өткендей, біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қол жетімді.

«Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекендерде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз», – деді Ж.Дүбірова.

5 ақпан, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.