Атырау, 12 желтоқсан 05:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Енді адам аңдығандар қылмыстық жазаға тартылады

482 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Депутат адамды аңдитындар қылмыстық жазаға тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сталкинг бойынша норма Қылмыстық кодексті оңтайландыру туралы заң жобасына енгізіліп, оны жұмыс тобы қабылдады. Депутат Абзал Құспан келесі аптада құжат палатаның қарауына берілетінін айтады.

"Арнайы "сталкинг" деп аталатын бап қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылып жатыр. Құжатты келесі аптада немесе арғы аптада екінші оқылымға қарауға шығару жоспарланып отыр. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыппұл түріндегі санкция ұсынылып отыр", — деді Абзал Құспан. 

Сталкерлерге болашақта айыппұл салынады. Депутаттың айтуынша, мұндай құқықбұзушылыққа бұдан ауыр жаза берілмейді. Журналистер халық қалаулысынан сталкерлер үшін не себепті ауыр жаза енгізілмейтінін сұрады. 

"Біздің мақсатымыз — жаңа нормаларды қылмыстық кодекске енгізгенде өте сақтықпен әрекет ету керек. Құқық қолдану практикасын, тергеу практикасын, сот тәжірибесін қарастыру қажет және осы тәжірибелерді зерттеп, талдау нәтижесінде жазаны қатаңдатуды қарастыруға болады. Бұл адамдардың тағдыры. Кенеттен мұндай шешімдер қабылдауға болмайды", — деп түйіндеді мәжілісмен.

Сталкинг — бұл бір адамның немесе топтың басқа бір адамға қалауынсыз, үнемі мазалайтын назар аударуы. Бұл қорлау мен қорқытудың бір түрі болып табылады. Әдетте, сталкинг құрбанының артынан қудалау, оның өміріне араласу, бақылау жасау арқылы көрініс табады. Мұндай іс-әрекеттер адамның психологиялық жағдайына қатты әсер етіп, оған қауіп төндіреді. Сталкингтің құқықтық жағынан айыпталуы — бұл құрбанына қатысты заңсыз және зиянды әрекеттерді тоқтатуға бағытталтған қадам.

5 ақпан, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.