Атырау, 12 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қазақстанда жанармайға акциздердің жаңа мөлшерлемесі​н енгізу ұсынылды

360 рет қаралды

Акциздердің жаңа мөлшерлемесі бойынша жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15428354) әзірледі.

Құжат ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда жанармай өндірушілер мен сатушылардың қосымша маржиналдылығын 80%-ын бюджетке бағыттау мақсатында бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына қосымша акциздің мөлшерлемесін белгілеуді көздейді.

Осылайша, шара жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80%-ын бюджетке қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қосымша акциздер ағымдағы деңгейден бағалар өскен кезде ғана пайда болады.

5 ақпан, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.