Атырау, 26 қараша 03:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жеке кәсіпкерлер, бірігіңдер!

4 060 просмотра

Биылғы көктемде АЖЭО АҚ-ның тариф саясатына арналған бірнеше наразылық қимылдар мен кездесулер осы қоғамдық ұйымның құрылуына сеп болды. «Дәнекер-Атырау» ҚБ-н 3 шілде күні заң органдарының тіркегені туралы оның белсенділері 2 тамызда өткен баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.

ӨЗ ҚАЗАНЫМ - ӨЗІМДІКІ

Ұйымның төрағалығына тарифтің көтерілуін негізсіз деп жылу берушілермен бірінші болып ашық тайталасқа түскен кәсіпкер Сара ТАҒБЕРГЕНОВА тағайындалды (есептегіш құралдары орнатылмаған үйлерде орынжайлары бар кәсіпкерлер үшін ол 300% -ды құрады). Ол жылу беру маусымы бойына жылуды пайдаланып келді, бірақ жылудан бас тартамын, тиісінше, жоғары тарифпен ол үшін ақы төлемеймін деп бірден арыз жазған болатын. Бұндай жағдайда монополистер жауапсыз төлеушілерді орталық жылудан ажыратамыз деп қорқытады, бірақ жылу берушілер маусым соңына дейін өз құқықтарын пайдалана қоймады, ал жаңа жылу маусымында Тағбергенова олардың көмегіне зәру еместігін білдірді – бұл «Дәнекердің» жеткен жеңістерінің бірі. Ол өз дүкеніне жеке жылу қазандығын орнатты.

- Бұл жердебасынан бастап бір балама табу керек болатын, - дейді ұйымның құрылтайшысы әрі белсендісі Макс БОҚАЕВ. – Көктемнен бері, яғни кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын ұйым құру туралы идея туған кезден бастап (айта кетсек, Боқаев ұйымның 14 құрылтайшысының ішінде бизнесі жоқ жалғыз адам, ол қоғам белсендісі ретінде жұмыс жасайды) мемлекеттік органдармен жүргізілген қатынасхаттардың нәтижесі бойынша ТЖД, ТКШ комитеті, қалалық әкімдік және өзге органдар жеке жылу қазандықтарын пәтерлердің 1-қабатынан 5-қабатына дейін орнатуға тыйым салынбағанын растады.

80 шаршы метрдүкенге техникалық құжаттарды әзірлеу, монтаждау және өзге де қызмет түрлері, жылу қазандығының бағасы мен қажетті құрылғылар Тағбергеноваға 240 мың теңгеге шықты. Шындығында, ол кеткен шығынды алғашқы жылу маусымында-ақ ақтап шығады – мәселен, осы жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айлары бойынша жылу берушілер оған 151 мың теңгенің шотын ұсынған екен.

 

ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУ

Дәнекершілердің айтуынша, монополистер және мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты реттеп, «мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен мекемелерде жеке кәсіпкер мәртебесінде қызмет ететін шағын бизнес субъектілерінің» құқықтары мен мүдделерін қорғау олардың басты мақсаты болып табылады. Бәлкім, бұл теңеу үйлесіңкіремей де тұрған шығар, бірақ менің пікірімше, бұл кәсіподақ секілді, себебі, жарғысы, мүшелігі, жарналары, тұрақты отырыстары жобаланған. Осындай ұйымның қажеттілігі көптен сезіліп еді, дегенмен атыраулық кәсіпкерлер жандары көздеріне көрінген кезде ғана осыған қол жеткізді. Себебі, монополистің жалғыздар үшін алынбас қамал екені белгілі: билік және мемлекеттік органдармен бейресми қарым-қатынастағы заңгерлердің, кеңесшілердің толған бөлімдері көбіне оларды тіс батпайтындай етеді, ал мекемелер, мейлі үкіметтік емес болсын - өзгеше күшке ие. Сондықтан «Дәнекер»: «бизнес, бірік!» деп шақырады.

Тек мекемелердің жаппай бірігуі арқасында ғана аудиттер, экспертизалар мен сот үдерістері мүмкін болмақ... Қазіргі уақытта белсенділер көбіне біріне-бірі қайшы келетін тонналаған қағаздарды ақтаруды, ондаған мекемелермен қатынасхаттар жүргізуді, соттасып, өзге өңірлердегі әріптестері және сарапшылармен кездесулерді тек өз қаржыларына ғана жүргізуде.

 

БІЗДЕ АЛҒА ЖЫЛЖУ ЖОҚ

- Білесіз бе, біз өзіміздің ішімізде қайнап жатырмыз – бұл өте жай айтылған, - дейді Боқаев.

Біздің бизнесмендердің жеткілікті хабардар еместігі белгілі жайт. Ол тіпті олардың өзге өңірлердегі кәсіпкерлермен сөйлесулерінен-ақ байқалып тұрады. Көбі естігенмен, бәрі қол жеткізе бермейтін біздің мемлекеттік бағдарламалардың да, кейде тіпті микроскопиялық шағын бизнесті дамытуға арналған халықаралық бағдарламалардың да алуан түрлі ұсыныстары жеткілікті. Жай ғана мысал: жапондық Jica мекемесі көптен бері жыл сайын әлемде әртүрлі бағыттағы бизнесті дамыту бойынша байқаулар өткізіп, тренингтер мен оқу ақысын төлейді екен және жыл сайын 10-15 қазақстандық Жапонияға барып оқып, өздері үшін жаңалық ашады екен... Бірақ олардың арасында атыраулықтар жоқ.

 

ЕСЕПТЕУ ӘДІСІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

Жақын болашаққа дәнекерліктер бірнеше нақты тапсырмаларды айқындап қойыпты.

- Неге екені белгісіз, бірақ қазіргі таңда Қазақстанда тарифті есептеу әдісінің 4 түрі қолданылады. Біздегі қолданатындары – республикадағы ең жоғарысы, - деп сендіреді «Дәнекердің» белсенділері. - Әрі ол ескірген, 2003 жылы жасақталған. Үкіметтің қаулысына сәйкес, 2012 жылдан бастап есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету коммуналдық қызметінің тұтыну мөлшерін есептеудің типтік ережесі бекітілген болатын. Тіпті шамамен есептелген есептеулердің өзі жаңа әдісті қолданған кезде жылу үшін төленетін ақының төмен болатынын көрсетті. Тіпті Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің (ЭМРМ) коммерциялық есептеу жабдығы жоқ болса, «қолданылған жылу энергиясы үшін төленетін ақының көлемі жергілікті атқарушы органдар бекіткен ереже бойынша айқындалады» деген бұйрығы да бар. Бұл туралы біздің билік хабардар ма екен? Бұл туралы сауалды қалалық әкімдікке жолдадық.

Үшіншіден, ҚР «Электр энергиясы туралы» және «Жылу энергиясын қолдану ережелері» Заңына сәйкес, жеке кәсіпкерлер «Электр энергиясын қолдану ережелеріндегідей» тұтынушылардың ерекше категориясына бөлінбеген. Сәйкесінше, ЖК-ге жоғары коэффициентпен тариф бекіту - заңсыз.

Бұл дәлелдерді «Дәнекер-Атырау» ҚБ ТМРАД-қа алдын ала ескертіп, маусым айында сот алдындағы «АЖЭО» АҚ-на деген наразылықтарында жолдаған болатын. Жылу берушілер наразылықты қабылдамады, сол себепті дәнекерліктер сотқа жүгінбек.

Мәншүк ҚАЛИЕВА даТағбергенова секілді жыл басында жылу берушілер ұсынған есеп шот бойынша ақы төлеуден бас тартты. Ал қарсы жақ оны сотқа шақырды.

- Сотта мен жылу тарифі бойынша есептеулерді ұсынуды өтінген едім, бірақ маған оны ақыры көрсетпеді, - дейді Қалиева. – Яғни, біз есептеулердің қалай жүргізілетіні, оларға нені қалай қосатыны туралы ешқандай ақпарат ала алмаймыз, тарифтер аспаннан алынғандай әсер қалдырады.

Алматылық бизнесмендер заңгерлерді жалдап, тарифтер өсіп кеткен биылғы жыл басында осыны дәлелдеп шыққан болатын, бірақ алматылықтардың есеп шоттарындағы сандар атыраулықтарға қарағанда біраз аз болатын. Соған қарамастан, олар сотқа барып, тарифтің негізсіз көтерілгенін дәлелдеді. Олардың істері қазіргі дәнекерліктерді рухтандырып жібергендей.

«Дәнекер-Атырау» сонымен бірге «Атамекен» ҰЭП-ның жетекшісі әрі Атырау облыстық мәслихатының депутаты Асылбек ЖӘКИЕВТІҢ қолдауына ие болды, ол ынтымақтастық негізіне бірінші болып жол ашты – оның депутаттық сауалына Атырау облысының Әділет департаменті «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 1-бабына сілтеме жасай отырып, «жеке кәсіпкерлер заңды тұлға болып танылмайтындығын» растаған жауап қайтарды. Ал АЖЭО-ның ЖК-лерді заңды тұлғалардың қатарына жатқызғаны белгілі, сол себепті, өздерінің қызметі үшін ақы төлеуде заңға қайшы келетін талаптар қойған.

«Дәнекер-Атырау» монополистің заңға қарсы осы және өзге де фактілерін дәлелдеуге ниетті. Қозғалыс белсенділері бірлесіп жұмыс жасауға, кеңес алуға қызығушылықтары бар, қолдау қажет барша азаматтардың көрсетілген координаттар бойынша хабарласуларын сұрайды: «Дәнекер-Атырау» ҚБ /Public Association Daneker-Atyrau, daneker.atyrau@gmail.com, фейсбуктегі парақшасы - https://www.facebook.com/Daneker.Atyrau.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.