Атырау, 12 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Астанада спорт кешендерінің бірінде полиция қызметкері көз жұмды

527 рет қаралды

Астананың спорт кешендерінің бірінде  жаттығудан кейін құқық қорғау органдарының қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығулардан кейін залдан шығар кезде 42 жастағы ер адам талып қалған.

«Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдады, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі миокард инфарктісі болды. Қызметкердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,   деп хабарлады ведомстводан.

Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсететінін мәлімдеді

«Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес.» ,деп жазды Ержан Саденов
4 ақпан, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.