Атырау, 12 желтоқсан 05:38
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

2025 жылы Қазақстанда ақылы жолдар екі есеге артады

453 рет қаралды
Zakon.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы жол енгізілетінін мәлімдеді. Бүгінде елімізде мұндай жүйе тек 3,2 мың шақырым жолда жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, ақылы жол учаскелерінің саны екі еседен астамға артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Қарабаев бюджет жүктемесін азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жол жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасатынын атап өтті.

"Қазіргі уақытта елімізде 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істеп тұр. 2024 жылы бұл жүйеден түскен кіріс 48 миллиард теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылады, олардың кірісі 60 миллиард теңгеге жетеді, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге дейін өсуі мүмкін", – деді ол.

Сонымен қатар, министр ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

4 ақпан, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.