
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлыққа күдікті, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталуда", - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.
В Атырау -5