Атырау, 12 желтоқсан 05:38
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Арнайы жасақ қызметкеріне жасалған шабуыл: жаңа мәлімет белгілі болды

388 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Елордалық полиция департаменті 21 қаңтарда Астанада арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицияның мәліметінше, төрт адам шабуыл жасаған. Олар қазір қамауда отыр.

Полицияның Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, төрт адам шабуыл жасағаны айтылған. Олар қазір қамауда отыр.

"Астана Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында шабуыл жасаған төрт адам да анықталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство тергеуге байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.

Еске салайық, 21 қаңтарда Астанада жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған едік.

4 ақпан, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.