Қырғызстанның жоғарғы соты «Ата-Жұрт» фракциясынан сайланған Жогорку Кенеш депутаттары Талант Мамытов, Қамшыбек Тәшиев, Садыр Жапаровты және үш оққағарды билікті күшпен тартып алмақ болғаны үшін кінәлі деп тапты. Қырғызстан Жоғарғы сотының алқасы үкімді өткен түні шығарды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
Жоғарғы сот Бішкек қалалық сотының ақтау туралы үкімін толығымен жоққа шығарды. Бішкектің Первомай аудандық сотының үш оққағарға және депутат Т.Мамытовқа қатысты үкімі күшінде қалды. Олар бұғанға дейін 1 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. 1 жыл 6 айға қамауға алынған Қ.Тәшиев пен С.Жапаровтың мерзімі 1 айға қысқартылды. Бұл депутаттардың тергеу изоляторында 9 ай отыруына байланысты (тергеу изоляторындағы 1 күн 2 күн деп есептеледі) олар тұтқынға алынбайды.
Еске сала кетсек, 2012 жылдың 3 қазанында Бішкек қаласындағы «Ала – Тоо» алаңында жоғарыда аталған депутаттар мен басқа адамдар митинг ұйымдастырған болатын.
Дереккөз: bnews.kz