
Хромтау ауданының прокуратурасының үйлестіруімен «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында және жаза бұлтартпастығы қағидасы шеңберінде адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеп-тексеру үш күнде аяқталды.
08.12.2024 жылы Хромтау қаласында автотұрақ қызметкері кемпингтің әкімшісіне өткір затпен соққы жасап, нәтижесінде соңғының өліміне алып келді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, процесс прокуроры тағайындалды.
10.12.2024 жылы аудан прокуратурасымен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
16.01.2025 жылы сот үкімімен Қ. деген сотталушы кінәлі деп танылып, аса ауыр дәрежедегі қылмысты жасағаны үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -5