
ҰҚК баспасөз қызметі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеу туралы ақпарат жариялады.
"2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
"Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды", - деді ведомство өкілдері.
Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
В Атырау -5 


