Атырау, 12 желтоқсан 05:30
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Биыл әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді

801 рет қаралды

Биыл әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, арнаулы әлеуметтік қызметтердің әлеуетті алушыларын есепке алу және мониторингтеу жөніндегі өңірлік картаны өзектендіру жоспарлануда.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. Меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер лицензиялауға жатады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бойынша жаңа тәсілдер қайта қаралып, енгізіледі. Бүгінде жүйелеу және есепке алу үшін әлеуметтік қызметкерлердің арнайы тізілімі жасалды. 12 167 әлеуметтік қызметкердің 11 616-сы оқып, 9 429 адам сертификат алды. 

31 қаңтар, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.