Атырау, 1 наурыз 1031
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 499.22
€ 519.14
₽ 5.64

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

696 просмотра

Еске салайық, кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған болатын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды polisia.kz.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

31 қаңтар, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16