Атырау, 28 ақпан 0227
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.49
€ 525.71
₽ 5.77

​Сол Кэмпбелл Дастан Сәтбаев жайлы​: "Еуропа футболына жаңа нарықтың есігі ашылуы мүмкін"

712 просмотра
Фото: Александр Павский/Kazinform

Digital Almaty форумына «Арсенал» клубының және Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Сол Кэмпбелл арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футбол әлемінің аңызы Алматыда өтіп жатқан халықаралық форум аясында технология мен спорт тақырыбында сөз қозғайтынын атап өтті.

— Бұл Алматыға менің алғаш рет келуім емес. Бірақ осындай форумға қатысу мен үшін жаңа тәжірибе. Бүгін спикер ретінде баяндама жасаймын, ал ертең стартаптар байқауында қазылар алқасына қосыламын. Жалпы форум аясында технологияны спортқа енгізудегі тәжірибеммен бөлісемін, — деді ол.

Сол Кэмпбелл «Челсидің» қазақстандық Дастан Сәтбаевты, ал «Манчестер Сити» клубы өзбекстандық Абдуқодир Хусановты сатып алуына байланысты пікір білдірді.

— Ағылшын Премьер-лигасы Орталық Азияға өңіріне жақындай түсті. Бұл өңірдің жанкүйерлеріне АПЛ ойындарын тамашалау бұрынғыдан да қызық болады. Егер жақында айтылған клубтарға ауысқан ойыншылар кәсібилік көрсетіп, жаттығып, ары қарай дамып, жақсы көзге түсетін болса, Еуропаға жаңа нарықтың есігі ашылады, — деді ол.

Сондай-ақ ол алматылық «Қайраттың» жаттығу орталығына жоғары баға берді.

— Бірнеше жыл бұрын «Қайрат» құрамында Аршавин ойнаған кезде мен Алматыда болғанмын. Сонда «Қайраттың» базасында болдым. Серіктестік туралы да сөйлескенбіз, алайда бұл орындалмады. Бірақ алматылық клубтың базасы соңғы жылдары мен көрген үздік жаттығу орындарының бірі, — деді Сол Кэмпбелл.

31 қаңтар, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS