Атырау, 12 желтоқсан 05:29
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Елімізде өндірген тауық етінен қауіпті бактерия табылды: министрліктің мәлімдемесі

751 рет қаралды

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресейде Қазақстан шығарған тауық етінен қауіпті бактерия – листерия анықталғаны туралы ақпаратқа ресми жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

29 қаңтарда Ресейдің «Россельхознадзор» мекемесі «Макинск құс фабрикасының» өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізгенін хабарлаған.

«Күшейтілген зертханалық бақылау барысында кәсіпорын өндірген өнімдер ЕАЭО елдері арасында тасымалдана алады. Алайда әрбір партия зертханалық тексерістен өтуі тиіс. Қазіргі таңда Комитет Россельхознадзордан зертханалық зерттеу нәтижелерін растайтын ресми ақпарат алған жоқ», – делінген ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәлімдемесінде.
31 қаңтар, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.